Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның төлем балансы: ағымдағы шот 2,4 млрд доллар профицитпен қорытындыланды • Қазақстан полипропиленінің теміржол экспорты 47,1 мың тоннаға қысқарды • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Қазақстанның төлем балансы: ағымдағы шот 2,4 млрд доллар профицитпен қорытындыланды • Қазақстан полипропиленінің теміржол экспорты 47,1 мың тоннаға қысқарды • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты •

    Атыраулық шенеунік халық су тасқынымен алысып жатқанда автосалонда көлік қарап жүрген

    Атыраулық шенеунік халық су тасқынымен алысып жатқанда автосалонда көлік қарап жүрген

    Атыраулық шенеунік халық тасқын сумен арпалысып, қиналып жатқанда автосалонда көлік қарап жүрген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Әлеуметтік желілерде Атырау әкімдігінің қызметкері А. Ибрагимовтың жұмыс уақытында TOYOTA автосалонында жүрген видеосы тарады. Видеоның авторы блогер Рүстем Баязиев оны қала әкімінің орынбасары деп таныстырады. Оны көрген желі қолданушылары халық сумен арпалысып жатқанда неге шенеуніктер көлік қарап жүр деп ашуланды. Жағдайды Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев түсіндірді.

    Оның айтуынша, қызметкер салонға жұмыс бабымен барған.

    «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыс барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі TOYOTA автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген. Сол кезде оны блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген. Аталған видеодағы қызметкер ақпаратта айтылғандай әкім орынбасары емес. А. Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымында жұмыс істеп келеді», — дейді Руслан Жұмағазиев. 

    Әкімнің баспасөз хатшысының сөзіне сенсек, аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасаған.

    «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру әрекетін құп көрмейтінімізді жеткіземіз», —  деп атап өтті ол. 

    Мұның алдында қала әкімдігі де қызметкердің әкімдік балансындағы TOYOTA маркалы көліктерін жөндеуден өткізу мақсатында ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын біліп, тапсырыс беруге барғанын хабарлаған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →