Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның төлем балансы: ағымдағы шот 2,4 млрд доллар профицитпен қорытындыланды • Қазақстан полипропиленінің теміржол экспорты 47,1 мың тоннаға қысқарды • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Қазақстанның төлем балансы: ағымдағы шот 2,4 млрд доллар профицитпен қорытындыланды • Қазақстан полипропиленінің теміржол экспорты 47,1 мың тоннаға қысқарды • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты •

    Жамбыл облысында 116 мың тонна пияз шіріп кетті

    Жамбыл облысында 116 мың тонна пияз шіріп кетті
    cognitivepaper.com

    Жамбыл облысында жиналған пияздың 60%-ы экспортқа шығарылмай, толық шіріп кетуі мүмкін. Өйткені өңірдегі көкөніс сақтайтын 100-ден аса қойманың тең жартысы талапқа сай келмейді. днп хабарлайды  Qazaq.today агенттігі. 

    Қазір өңірдегі тоңазытқышы жоқ әрі тозығы жеткен қоймаларда былтырдан қалған 116 мың тонна пияз сақтаулы. Оны жергілікті шаруалар келісін 15 теңгеге де өткізе алмай отыр. Сондықтан тұрып қалған тауарларын қоқысқа шығарып, кейбірін тұрғындарға тегін таратып жатыр.

    Шіріген пиязды тонналап далаға төккендер де бар. Ал экологтар тұмса табиғатты ластағандарды жауапқа тарту керек деп дабыл қағып отыр. Өйткені шіріген көкөністен ауру тарауы мүмкін. Қазір жергілікті полиция белгіленбеген жерді қоқыс алаңына айналдырғандарды іздеп жатыр.

    Айта кетсек, былтыр елімізде 1 млн тоннадан астам пияз жиналған. Бұл – жылдағыдан 3 есе көп. Оның 780 мың тоннасын жамбылдық диқандар өсірген. Бірақ өнімге сырт елдерден сұраныс жоқ. Мәселен, былтыр 325 мың тонна пияз сыртқа саудаланса, биылғы көрсеткіш одан төмен. Кейінгі 3 айда небәрі 161 мың тонна экспортталыпты.

    «Сәуір айының соңында біздің елге ол жақтың жаңа шыққан пияз өнімдері экспортталып қалады. Пәкістанға пиязымыз шықпай қалуы мүмкін. Мұздатқышы жоқ қоймаларда қауіп жоғары. 60 пайызға жуығында мұздатқыш жоқ», – дейді Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұлов.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →