Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дакарда ХОК президентімен кездесу: боксты дамыту және жас спортшыларды қолдау талқыланды • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Әбдіжаппар Әлқожа Алматыда дәмхана ашты • Астанада балағат сөз айтқан стендап-комикке 86 500 теңге айыппұл салынды • Дакарда ХОК президентімен кездесу: боксты дамыту және жас спортшыларды қолдау талқыланды • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Әбдіжаппар Әлқожа Алматыда дәмхана ашты • Астанада балағат сөз айтқан стендап-комикке 86 500 теңге айыппұл салынды •

    OLX арқылы астаналықтарды алдаған күдікті ұсталды

    OLX арқылы астаналықтарды алдаған күдікті ұсталды

    Астанада полиция OLX сайты арқылы тұрғындарды алдаған жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

    Сарыарқа аудандық полиция бөліміне елордалық тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу OLX сайтында жиһаз жасап беретінін айтып, жарнама қалдырған.

    Содан күдікті жәбірленушінің ас үй бөлмесіне жиһаз жасау үшін өлшем алып, 1 млн теңгеден аса қаражатты иемденген. Кейін ол байланысқа шықпай қойған. Полиция істі тергеу барысында Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Күдіктінің тағы бір тұрғынды алдағаны белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын – 2 млн теңге. Зардап шеккен екінші адам да ақшаны алдын ала белген. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Күдікті жігіттің басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →