Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге дейін құнын жоғалтты Зардап шеккендер бар: Атырауда автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды «Ерікті бол — қан тапсыр!»: Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай акция бастады Петропавл тұрғындары батпақ кешіп жүр: халық көшенің жағдайына шағымданды «Қолсыз өмір»: Димаш Құдайберген кітап оқу марафонына қатыспақ (ВИДЕО) Жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының финалына шықты Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге дейін құнын жоғалтты Зардап шеккендер бар: Атырауда автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды «Ерікті бол — қан тапсыр!»: Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай акция бастады Петропавл тұрғындары батпақ кешіп жүр: халық көшенің жағдайына шағымданды «Қолсыз өмір»: Димаш Құдайберген кітап оқу марафонына қатыспақ (ВИДЕО) Жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

    Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

    Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

    Фото: МТК

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақта әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Жеңілістің дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (17-0,12КО) WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік бес боксшының қатарына кірді. Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын боксшы соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11) төрешілер шешімімен ұтып, мансабындағы он жетінші жеңісіне жеткен еді. Осы жеңіс Сұлтанды әлемдік рейтингте жоғарылатып, бұрынғы чемпион Луис Гарсияның алдына шығарды.

    Сұлтанның салмағында америкалық Ламонт Роуч чемпион болса, бірінші орында Отар Эраносян, екінші және үшінші орында Джоно Кэрролл мен Ли Вуд тұр.

    Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек Англияда, әлемнің даңқты боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындалады. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →