Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 466,9 531,2 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады «Үйде анасы болған»: Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болды Вена маңындағы шлюзге круиздік лайнер соғылып, 14 адам жарақат алды Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады «Үйде анасы болған»: Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болды Вена маңындағы шлюзге круиздік лайнер соғылып, 14 адам жарақат алды

    Батыс Қазақстанда су тасқыны кезінде өлген мал саны 1 мыңнан асты

    Батыс Қазақстанда су тасқыны кезінде өлген мал саны 1 мыңнан асты

    Фото: zhasalash.kz

    Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты қауіпсіз жерге шығарылған және өлген мал саны нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агентті облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

    БҚО әкімдігінің мәліметінше, өңірде 26 наурыздан бастап Бөрлі ауданында Ақсу, Кеңтүбек, Қарағанды, Пугачев, Қаратөбеде Қоржын, Шалғын, Теректіде Аңқаты, Сырымда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті ауылдарын су басты.

    Құтқару жұмыстары барысында 983 бас ірі қара (Теректі – 76, Сырым – 447, Бөрлі – 460), 1814 ұсақ мал (Теректі – 128, Сырым – 731, Бөрлі – 955) және Бөрлі ауданында 31 бас жылқы қауіпсіз жерге айдалды.

    Аудандарда құрылған арнайы комиссия өлген мал санын есептеу үстінде.

    «Алдын ала мәлімет бойынша 91 бас ірі қара, 35 бас жылқы, 899 бас ұсақ мал (соның ішінде Сырым ауданында 43 ірі қара, 141 қой-ешкі, 10 жылқы, Теректіде 21 ұсақ мал, 1 жылқы, Бөрліде 42 ірі қара, 679 ұсақ мал, 2 жылқы, барлығы 1025 бас мал) және Қаратөбе ауданында 112 үй құсы шығынға ұшыраған. Өлген мал санын нақтылау жұмыстары жалғасуда. Облыста сондай-ақ 8 мал моласы (Қаратөбе – 1, Сырым – 6, Теректі – 1) және 14 түйнемеден өлген мал қорымы (Сырым – 13, Тасқала – 1) суға кетті», — деп хабарлады әкімдіктен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →