Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды •

    Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

    2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай» жобасын іске асырады, ол + 3 км жолды қосуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі хабарлайды.

    23 қарашада Шымбұлақ тау курортында 2022/2023 шаңғы маусымының ашылуы аясында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

    Кешен өкілдерінің айтуынша курортқа келушілер саны жыл сайын артып келеді: «Былтырғы маусымда абсолютті рекордқа жеттік!» дейді баспасөз мәслихаты ұйымдастырушылары.

    2021-2022 маусым 1 000 237 адам келген. Ал, 2020-2021 жылғы маусымда 789 613 адам келген.

    Курорттың әлеуметтік жобаларын таныстырған «Шымбұлақ» компаниялар тобының қаржылық директоры Алмас Кеделбаев: «Әлеуметтік бағдарлама шеңберінде Шымбұлақта мүгедектер, зейнеткерлер, 5 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жүру және
    сырғанау мүмкіндігі беріледі» дейді.

    Өткен маусымда бұл бағдарламаны 90 160 бала мен 8 962 зейнеткер пайдаланған. Ал, Көп балалы отбасылар үшін арқанжолмен жүруге 30% жеңілдік, «Жаңадан бастаушы» және «Жастар» тарифтері бойынша студенттер мен жаңадан бастаушылар үшін жеңілдік қарастырылған. Бұл жеңілдікті өткен маусымда 92 617 адам пайдаланған.

    Сонымен бірге курортта осы маусымнан бастап іскерлік кездесулерді, мәжілістерді және шеберлік сағаттарын«Шымбұлақ» тау курортында өткізуге арналған Эдельвейс конференц-залы жұмыс істей бастады.

    2022 жылдың маусым айында «Шымбұлақ» ТК-да балаларға арналған «El Kiddo Shymbulak» тау лагері ашылған. Лагерге 6 мен 15 жас аралығындағы балалар қабылданған.

    Сонымен бірге осы маусымда көптеген іс-шаралар жоспарланған. Солардың қатарында Almaty Extreme Game, Shake Fest, Tan Media Cup әуесқойлар сайысы сынды жобалар бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →