Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Венесуэла президентіне қастандық жасамақ болғандар ұсталды

    «РИА Новости» агенттігі күдіктілер ондаған сарбаз жинап, қару-жарақтарын сайлап, бүлік ұйымдастыруды жоспарлағанын жазды.

    Елдің Бас прокуратурасы ұсталғандар Ұлттық гвардияның дезертир-сержанты Ренцо Флорес және «Дело R» саяси ұйымының Уилфер Хосе Пинья екенін мәлімдеді.

    Сондай-ақ бас прокурор Саабтың айтуынша, олардың «Бірге Монагас үшін» саяси ұйымының мүшелері екені белгілі болған. Ұсталғандардың ұялы телефондарын тексеру барысында қару-жарақ алу және бүлік ұйымдастыру үшін 50 сарбазды тарту туралы әңгімелер анықталған.

    Венесуэла прокурорлары ұсталғандарға қылмыстық сөз байласу және кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағып отыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →