Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қосшыда салық органының қызметкері алаяқтықпен тұрғындардың атына несие рәсімдеген

    Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкері 5 интернет-алаяқтық фактісін ашты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажет деген сылтаумен шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микронесиелер рәсімдеу арқылы өзінің шоттарына аударған.

    Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен («Алаяқтық») қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →