Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді •

    Үйлері өртеніп кеткен қостанайлықтардың жаңа қоныстарын енді су басып жатыр

    Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендер үшін салынған жаңа үйлердің тұрғындары септиктерінің толып кеткеніне шағымданды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

     

    «Ауа температурасы жылынып, бірнеше күнге созылған жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын салдарынан тұрғын үйлердің іргесіндегі аумақта су жиналды. Инженерлік-геологиялық зерттеулерге сәйкес, үйлердің іргетасы ылғалдан қорғалған, үйлерге су кірмейді, су басу қаупі жоқ», — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

    Үйлердің маңындағы суды сорғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы техника кезекшілікке шығарылған. Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жоба бойынша септик орнату қарастырылмаған, ал уақытша тұндырғыштар мердігерлер қаражатына орнатылған.

     

    «Бірлік» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің жеке кәріз жүйесіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. ЖСҚ дайын болғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

    Еске салайық, қыркүйек айында Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданында орман өртенген еді. Бірнеше күнге жалғасқан өрт салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды. Сонымен қатар, Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті.
    Жуырда өрттен зардап шеккендердің жаңа баспанаға көшіп, қоныстойын тойлап жатқаны жайлы видео жарияланды.
     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →