Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» өндірістегі еңбек жағдайын жақсартуға 2,4 млрд теңге бөлді «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр «Қазақмыс» өндірістегі еңбек жағдайын жақсартуға 2,4 млрд теңге бөлді «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр

    Қызылорда облысында бірнеше түйені атқан қылмыстық топ ұсталды

    Фото: Қызылорда облыстық ПД

    Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан 24-30 жастағы қылмыстық топ мүшелері далада жайылып жүрген жерінен 9 түйені атып, сойып алып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қызылорда облысы полиция департаменті және Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері түйе ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді. Биыл ақпан айында Әйтеке би кентінің тұрғындарынаң арыз түсті. Онда түйе малдары қолды болғаны айтылған.

    Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қаншама малды қолды еткен ұрыларды анықтады.

    «Тексеру барысында олардың 9 түйені далада жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткендігі белгілі болды. Қылмысқа күдікті ретінде 24-30 жастағы азаматтар ұсталып, бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен оның патроны, пышақтар, мал терісі алынды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. 

    Полиция қызметкерлері күдіктілердің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →