Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    «Толықтай ақтайды»: Экс-министр Біртанов пен оның орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

    Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановті ақтау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-на сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Астана қаласы Сарыарқа ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты Елжан Біртановты кінәсіз деп таныды.

    «Сот Біртановты санитарлық авиация ұшағын пайдаланды деген айып бойныша толықтай ақтайды. Өзге айыптаулар бойынша Біртанов 5 жылға, оның орынбасары Әбішев 4 жылға шартты түрде соттады», — деді судья.

    Айта кетейік, 11 қазан күні Астана қаласының прокуратурасы Елжан Біртановты 6 жылға соттап, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұраған болатын. Сонымен қатар, Біртанов пен оның орынбасарынан мемлекет пайдасына 1,5 млрд теңге, санитарлық авиация бортын пайдаланғаны үшін Біртановтың өзінен жеке 5,5 млн теңге өндіріп алуды талап еткен болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев коронавирус пандемиясы кезінде ақпараттық платформа жасау үшін бөлінген мемлекет қаражатын талан-таражға салды деген айыппен былтыр 3 қарашада қамауға алынған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →