Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Мемлекеттік мекеме басшысы ағасына 4 жыл бойы заңсыз жалақы төлеп келген

    Абай облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бюджетке 5,5 млн теңге заңсыз төленген жалақы өтелді, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі.

    Облыс прокуратурасы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады. Ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай, жалақы алған.

    Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП» РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді.

    Бүгінде сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне алынған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →