Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • АҚШ-тан пошта арқылы психотроптық заттарды өткізбек болғандар ұсталды

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлады Qazaq.today 

    «Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.

    Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

    Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

    ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →