Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай •

    Еліміз қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орында тұр

    Фото: Pixabay

    Қазақстан қызылшаның таралуы жағынан әлем бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

    Қызылшаны вакцинамен тоқтатуға болады. Бірақ бүгінде Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау жағынан жүйелі кемшіліктер бар.

    Оны денсаулық министрі де мойындап отыр. Осы орайда Әлназарова инфекциялық ауруларды болжамдау және бақылау жүйесін күшейту үшін бірқатар шараларды атқару қажет деп санайды.

    “Нақты уақыт форматында температуралық режимді бақылау мүмкіндігімен профилактикалық егулер мен вакциналар қозғалысын есепке алуды цифрландыруды қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде медицина қызметкерлерін оқытуды жолға қою, мүдделі органдармен және ведомстволармен бірлесіп басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықты кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету қажет деп санаймын”, — деді Әлназарова министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →