Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қостанайда қақаған аязда 7 жасар қыз құдыққа құлап кеткен

    Фото:ҚР ТЖМ

    Бүгін Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында 2017 жылы туған қыз абайсызда жылу құдығына құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу келді. Оларға бейтаныс адам да көмектесті.  Құдықтың ішіндегі судың биіктігі 60-70 см. Құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына берді.

    Қазір бала дәрігерлерің бақылауында. Айта кетейік, қазір Қостанай облысында сынап бағанасы 25 градус аязды көрсетіп тұр.

    “Балаға гипотермия (дене температурасының төмендеуі) диагнозын қойдық. Ішкі ағзаларында, басында және аяқ-қолдарында жарақаттар жоқ. Бала есін жиды, сұрақтарға жауап беріп отыр. Егер жағдайы жақсарса, ертең палатаға ауыстырамыз”, – дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

    ТЖМ ата-аналарды сергек болуға және балалармен сақтық шараларын сақтауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →