Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Атыраудағы қараусыз қалған ұңғыма халықты қашанға дейін үрейде ұстайды? • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Атыраудағы қараусыз қалған ұңғыма халықты қашанға дейін үрейде ұстайды? •

    Ұлттық банк зейнетақы активтері туралы мәлімдеме жасады

    Фото: naryk.kz

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен «Эйр Астана» АҚ-ның жай акцияларын бастапқы орналастыруға (IPO) қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Оның аясында 2024 жылғы 14  ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге «Эйр Астана» АҚ-ның жай акциялары сатып алынды. «Эйр Астана» АҚ-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны 23 168 975 дананы немесе шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-ын құрады.

    Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін «Эйр Астана» АҚ-ның жай акцияларына инвестициялау туралы шешім тұрақты қаржылық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақта тұрақты дивидендтер төлеуге мүмкіндік беретін компания қызметінің жоғары рентабельділігіне негізделді. Осы инвестициялар іс жүзінде БЖЗҚ салымшыларына Орталық Азияның авиациялық нарығындағы көшбасшылардың біріне акционер болуға мүмкіндік береді.

    Зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы мәліметтер ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →