Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады 5 млрд теңге: Ақтөбе облысында мұғалімдерге демалыс ақысы уақытында төленбеген Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады 5 млрд теңге: Ақтөбе облысында мұғалімдерге демалыс ақысы уақытында төленбеген Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр

«Көзі қызарған» – мектептің медбикесі сабақ үстінде көз жұмған оқушыға қатысты тың мәліметтер айтты

Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Жедел жәрдем шақырғанымен, баланы аман алып қала алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

AstanaTV-ның мәліметінше, мектеп басшылығы баланың бұрыннан науқас екенін, арнайы есепте тұрғанын айтады. Бірінші ауысымда оқитын 15 жастағы Даниял өзге балалармен бірге сабақ басталғанша дәлізде жүрген. Кейін қоңырау соғылып, сыныпқа кірген. Барлығы өз орындарына жайғасып, сабаққа дайындалып жатқан кезде жеткіншек ес-түссіз құлап түскен.

Орал қалалық №10 мектептің мұғалімі Нұргүл Таңатарова: «Жедел жәрдем шақырттық, дәрігер шақырттық. Ата-анасына хабарластық, дәрі іше ме деп, мамасы қазір келемін деп айтты. Медбике келгенше қасында болдық. Алғашқы жәрдем көрсетті. Сосын дәрігерлер келген соң бізді шығарып жіберді», – дейді.

Мамандар 40 минуттай ем-дом жасаған. Бірақ баланы ажалдан құтқарып қала алмады.

Орал қалалық №10 мектептің медбикесі Нұргүл Байғанатова: «Оқушы бізге 20-мектептен биыл қыркүйекте ауысып келді. Дәрігердің есебінде тұратын бала. «Паралич РВ» деген диагнозбен есепте тұрады. Ата-анасы жазда қаратқан, емін алған. Біз барынша көмек көрсеттік алғашқы көмекті. Көзінің қарашығын қарадым. Көзі қызарған, жасанды тыныс алдырып, жедел жәрдем келгенше сондай көмек көрсеттік», – дейді.

Мектептегілер Даниялдың сабақты жақсы оқығанын, үлгілі оқушы болғанын айтып отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика