Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ырысбала Икрамбай сын айтқандарға жауап берді: «Ақтығымды Алла білсе болды» • Әлемдік мұнай бағасы қайта өсті • Starlink пен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық барлауға жаңа технологияларды енгізуде • Дариға Бадықова Олжас Абаймен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтты • Павлодар түрмесіне тіс жуатын пастаның ішіне есірткі салып жеткізген • Тоқаев Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады • Ырысбала Икрамбай сын айтқандарға жауап берді: «Ақтығымды Алла білсе болды» • Әлемдік мұнай бағасы қайта өсті • Starlink пен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық барлауға жаңа технологияларды енгізуде • Дариға Бадықова Олжас Абаймен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтты • Павлодар түрмесіне тіс жуатын пастаның ішіне есірткі салып жеткізген • Тоқаев Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады •

    Ақмола облысында бірнеше әскери қызметші сотталды

    Фото: Pixabay
    Ақмола гарнизоны әскери сотында аса ірі көлемде жанар-жағармай ұрлады деп айыпталған Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
    Сот анықтағандай, 2019-2022 жылдар аралығында 4 әскери қызметші өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалпы құны 448 млн теңге болатын әскери бөлімнің отынын жымқырған. Ұрланған отынды жеке тұлғаларға өткізген.
    «Тағы бір сотталушы қызметіне салғырт қараған, салдары ауыр зардаптарға алып келді. Әскери бөлімнің бүкіл отын қызметінің жұмысына бақылаудың болмауынан мемлекетке материалдық залал келген», — деп хабарлады әскери сотта.
    Сот айыпталушылардың барлығын кінәлі деп таныды. 4 әскери қызметші 9дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
    «А» есімді сотталушы қызметіне салғырт қарау салдарынан ауыр зардаптарға әкелгені үшін кінәлі деп танылды. Ол 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», — делінген сот хабарламасында.
    Сотталғандардан ортақ тәртіпте келтірілген материалдық залал өндірілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →