Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда күзгі демалыс басталды: министрлік ата-аналарға үндеу жасады • СпортNUR — Қазақстан мен әлемнің басты спорт жаңалықтары • Әнші Айкерім Қалаубаева марапатқа ие болып, желіде сынға қалды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • Қазақстанда күзгі демалыс басталды: министрлік ата-аналарға үндеу жасады • СпортNUR — Қазақстан мен әлемнің басты спорт жаңалықтары • Әнші Айкерім Қалаубаева марапатқа ие болып, желіде сынға қалды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады •

    Ел бюджетіне цифрлық салықтан 36 млрд қаржы түскен

    Фото: Pixabay

    Ел бюджетіне «цифрлық салықтан» шамамен 36 млрд теңге түскен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде 60-тан астам халықаралық компания жұмыс істейді. Жалпы 2 жылда олардың саны шамамен 1,5 есе өсті. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып «Google салығын» енгізген.  Оны тек шетелдік интернет-компаниялар төлейді. Осыған қатысты бүгін Сенат депутаттары арнайы хаттаманы ратификациялады. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде салық салуға тең жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Электрондық форматта қызмет көрсету кезінде қосымша құн салығын төлеудің бірыңғай тәртібі айқындалады. Одаққа мүше елдер арасында алымның бұл түрін әкімшілендіру жеңілдейді.

    «Қазіргі таңда бізде осы 5 мемлекет арасында айырмашылық бар. Қосылған құн салығын өңдіріп алу бойынша электронды нысандар бойынша Қазақстан бірінші болып осы мемлекеттердің арасында Google салығын енгізді. Бүгінгі таңда біз өңдіріп отырмыз. Мысалы, Ресей федерациясында ол әлі енгізілген жоқ, ол біріншіден, және де мөлшерлемеміз де өзгеше және де осы «протоколдың» пайда болу себебі, дау шыға бастады. Себебі, мысалы, басқа мемлекеттер салық төлеушілер олар өзінің тұрғылықты жеріне байланысты осы қосылған құн салығын төлей бастады», — деп мәлімдеді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →