Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда күзгі демалыс басталды: министрлік ата-аналарға үндеу жасады • СпортNUR — Қазақстан мен әлемнің басты спорт жаңалықтары • Әнші Айкерім Қалаубаева марапатқа ие болып, желіде сынға қалды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • Қазақстанда күзгі демалыс басталды: министрлік ата-аналарға үндеу жасады • СпортNUR — Қазақстан мен әлемнің басты спорт жаңалықтары • Әнші Айкерім Қалаубаева марапатқа ие болып, желіде сынға қалды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады •

    Миллионерлер не үшін несие алады?

    Фото: Pixabay

    Миллионер адам несие алмайды деп ойласаңыз – қателесесіз. Жалпы, бұл санаттағы байлар несие алудан қорықпайды. Себебі, жай адам үшін кредит – бюджеттің саңылауын жабатын бірден-бір амал болса, байлар үшін кредит – қаржы құралы, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі qarzhylyq_sauat телеграм арнасына сілтеме жасап.

    Бірақ, біз айтып отырған табысты адам (миллионер) несиені жаңа смартфон, үлкен экранды теледидар сатып алу үшін алмайды, демалысқа (саяхатқа) арнамайды. Яғни, байлар кредитті өз ақшасын еселеу үшін алады. Мысалы, қалталы бизнесменде қандай да бір стартап үшін тамаша идея шықса, бірақ оған салатын қаржы болмаса, оны банктен алады. Кейбір қаржы кеңесшілерінің ипотеканы да пайдалы инвестиция санайтыны сол. Әйтеуір қолыңда үй қалады. Түсінген адамға ол да – актив.

    Егер Сіз «жұрттан қай жерім кем» деп немесе соңғы үлгіде шыққан телефон болғаны үшін смартфонды несиеге алатын болсаңыз, бұл қаржылық сауат тұрғысынан дұрыс шешімге жатпайды. Ал, егер Сізге телефон – бизнес үшін қажет болса және жұмсағаныңыздан да көп ақша табуға көмектесетін болса, онда ол ертеңгі күніңізге салған ақылды инвестиция бола алады. Айырмашылық осында.

    Кредит – ешқандай да тұзақ емес. Ол бар болғаны қаржылық құрал. Мәселе оның процентінде және Сіздің мақсатыңызда, төлей алатын қабілетіңізде. Егер осы жағынан мұқият болсаңыз – ұтасыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →