Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Биатлоннан әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды

    Фото: ҚР Биатлоншылар одағы

    Ертең, яғни 7 ақпан күні Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан бастау алатын әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қазақстан Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 ақпанға дейін жалғасатын додада 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады, деп жазады ҚазАқпарат.

    Әлем біріншілігін «Qazsport» телеарнасы толықтай тікелей эфирде көрсетеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша әлем біріншілігі аралас командалық эстафета жарысымен басталады.

    Аталған біріншілікте ел намысын Галина Вишневская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрипкина, Ольга Полторанина, Никита Акимов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев, Асет Дюсенов және Александр Мухин қорғайды.

    Әлем чемпионатының жарыс кестесі:

    07.02. Аралас командалық эстафета

    09.02. Спринт 7,5 шақырым (әйелдер)

    10.02. Спринт 10 шақырым (ерлер)

    11.02. Із кесу жарысы 10 шақырым (әйелдер)

    11.02. Із кесу жарысы 12.5 шақырым (ерлер)

    13.02. Жекелей жарыс 15 шақырым (әйелдер)

    14.02. Жекелей жарыс 20 шақырым (ерлер)

    15.02. Жекелей аралас эстафета

    17.02. Эстафета 4х6 шақырым (әйелдер)

    17.02. Эстафета 4х7.5 шақырым (ерлер)

    18.02. Масс-старт 12.5 шақырым (әйелдер)

    18.02. Масс-старт 15 шақырым (ерлер).

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →