Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты •

    Атырауда 20 күн сабаққа бармаған оқушының анасына айыппұл салынды

    Атырауда 3-сынып оқушысы 20 күн бойы сабаққа бармаған. Ұлының дәлелсіз сабақтан қалғаны үшін анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж.-ның ұлы, 3-сынып оқушысы дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған. Оқушының анасы Ж. кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оған білім беру, сондай-ақ күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

    Сот отырысында құқық бұзушы Ж. өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін білдірген. Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы кінәлі деп танылды.

    Сот құқық бұзушының жеке басын, отбасылық және материалдық жағдайын, құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 24 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады, — деп жазылған хабарламада.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →