Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті •

    «Уақыт көрсетеді». Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасы туралы сұраққа жауап берді

    Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары VII съезінің жалпы отырысына қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2028 жылдан кейін әйелдер зейнетке неше жастан бастап шығатыны туралы БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

    Еңбек министрі Мемлекет басшысының жолдауында айтқан тапсырмасынан кейін заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, Үкімет құрамындағы азаматтардың бәрімен келісімге келгенін айтты. Енді тиісті өзгерістер енгізілген құжат Мәжіліске жіберілмек.

    Сондай-ақ министр қазақстандық әйелдер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 61 жасында зейнетке шыға бастайтынын еске салды.

    Иә бұл норма 2028 жылға дейін күшінде болады. 2028 жылдан кейін көреміз. Зейнеткерлік жасы өмір ұзақтығына, денсаулығына, зейнетақының мөлшеріне байланысты белгіленеді. 2028 жылға дейін осы мәселелер бойынша қараймыз. Ары қарай уақыт көрсетеді, — деді Тамара Дүйсенова.

    Еске салайық, 2028 жылы әйелдер 61 жасында зейнетке шығады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтқан еді.

    Президент жолдауынан кейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 61 жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізуді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданатынын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →