Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр?

    Ресей мен Украина жарты жылдан бері алғаш рет тұтқын алмасты

    Ресей мен Украина соңғы 6 айда алғаш рет тұтқын алмасты. Бұл туралы Euronews хабарлады.

    Мәскеуден хабарлағандай, Украинадағы әскери іс-әрекетке қатысқан 248 ресейлік еліне оралған. Ал Киев 230 адам, оның ішінде 6 бейбіт тұрғынның елге оралғанын растады.

    Жоғарғы Раданың Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецтің нақтылауынша, бұл – тараптар арасындағы 49-шы және Әскери тұтқындарды үйлестіру штабының мәліметінше, қайтарылған қорғаушылар саны бойынша ең үлкен алмасу.

    Сондай-ақ операцияның БАӘ делдалдығымен жүргізілгені хабарланды.

    Киевтің ресми мәліметінше, былтыр жыл аяғында Ресей тұтқынында 4 337 адам болған, оның 763-і – бейбіт тұрғын.

    Ал Мәскеу былтыр күзде Украина тұтқынында 500 ресейлік бар екенін мәлімдеген болатын.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →