Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қойма өртке оранды «Оны қалай ақтап алды?»: Жүкті әйелдің қолынан қаза тапқан азаматтың туыстары істі қайта қарауды талап етуде Балл абсолютті емес: неге 120 ұпай грант әпермей, 100 ұпай жеткілікті болады? Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді Алматыда қойма өртке оранды «Оны қалай ақтап алды?»: Жүкті әйелдің қолынан қаза тапқан азаматтың туыстары істі қайта қарауды талап етуде Балл абсолютті емес: неге 120 ұпай грант әпермей, 100 ұпай жеткілікті болады? Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді

    «Екі адамның денесі табылды»: Орал қаласындағы кафеде жарылыс болды

    БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Әзірге 2 адамның қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  Оқиға орнына сағат 02.17-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты дәмханның ғимаратында алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады.

    Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

    «Тілсіз жау» сағат 02.40-та ауыздықталды. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер мен жеке құрамнан 39 адам, 13 техника, жедел жәрдем бригадасы (18 адам, 6 техника), Полиция департаменті (28 адам, 7 техника) қызметкерлері жұмыс істеді. Қазір  БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды»,– деп хабарлады ведомстводан.

    Оқиғаны БҚО әкімдігі де растап, оқиға орнына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің арнайы барғанын, зардап шеккендер бар екенін жеткізді. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →