Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    2022-2023 оқу жылына арналған кесте: Оқушылар қанша күн демалады

    Қазақстанда жаңа оқу жылы 2 аптаға ұзартылды. Енді оқушылар жазғы демалысқа әдеттегі 26 мамырда емес, 1 маусымнан бастап шығады. Сонымен қатар тоқсан арасындағы демалыс уақыттары да қысқарған. Stan.kz  оқушылардың жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесін ұсынады.

    Жаңа оқу жылында күзгі демалыс 31 қазаннан 6 қарашаға дейін, яғни 7 күн созылады.

    ІІ тоқсаннан кейінгі қысқы демалыс 31 желтоқсанда басталып, 9 қаңтарға дейін жалғасады.

    Ал 6 ақпан мен 12 ақпан аралығында бірінші сынып оқушыларына 7 күндік қосымша демалыс беріледі.

    Көктемгі демалыс 9 күнге, яғни 18 наурыздан 27 наурызға дейін созылады.

    Жазда оқушылар 3 айлық демалысқа шығады. Жазғы демалыстың жалпы ұзақтығы – 92 күн.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →