Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты

    Үш күн бойы тұтқында болған тараздық кәсіпкердің қызы сұқбат берді

    Қылмыстық топ мүшелері әйелді босату үшін 100 миллион теңге сұраған

    Таразда ұйымдасқан қылмыстық топ белгілі кәсіпкердің қызын ұрлап, оны босату үшін 100 миллион теңге сұраған. Оқиға бір жыл бұрын болған. Алты адамнан тұратын қылмыстың топтың бір мүшесі жәбірленушінің көршісі болып шықты. Қылмысты жасағандар сотталған, алайда сот үкіміне келіспей, аппеляциялық арыз жазған. Енді тараздық Светлана Мосунова кінәлілер бостандыққа шығады деп қорқып отыр.

    – Светлана, оқиға қалай болды?

    – Бұл қорқынышты оқиға осыдан бір жыл бұрын, 2021 жылдың 15 сәуірінде болды. Бәрі таңғы сағат 8 шамасында ұлымды мектепке апарып, үйге келе жатқанда басталды. Үйге жетіп қалған едім, бетін тұмшалап алған екі ер адам көліктен түсті де, күш көрсете бастады. Алдымен бетімнен ұрып, желкелеп, көлікке «мал» салғандай лақтыра бастады. Зәре-құтым қашып, айқайға бастым. Қарсылық көрсетіп жатқанымда біреуі қолымды сындырып жіберді. Сөйтіп қинап көлікке отырғызды. Көлік ішінде бетімнен ұрып, ұялы телефонымды сұрады. Телефоным үйде қалған еді. Өтірік айтып отыр деп, қайта соққыға жықты. Әлсіреп, талып қалғанымда ғана ұруын тоқтатты…

    – Олар ұялы телефоныңызды қандай мақсатта пайдаланғысы келді?

    – Білмеймін. Көзімді ашсам, бейтаныс пәтерде жатырмын. Қолыма кісен салынған, аяғымды скотчпен байлап тастаған. Бірінші күні нәр татпадым. Бір күн өткен соң нан мен су берді. Осылайша үш күн бойы солардың қолында болдым.

    – Бұған не себеп болды?

    – Мені ұрлағандар әкемнің жолаушылар тасымалымен айналысатын ірі компанияның басшысы екенін білген. Менің қайда барып, қашан келетінімді бақылап, бірнеше күн аңдыған. Мені ұрлап кеткен соң әкеме хабарласып, 100 миллион теңге сұраған. Үш күн ішінде әртүрлі жерге апарды.

    – Олардың қолынан қалай құтылып шықтыңыз?

    – Әкем полициямен бірге көршілеріміздің бақылау камераларын қарап, жалған нөмірлі көлікті анықтапты. Іске қатысты бар екі адам осылай ұсталған. Сыбайластары қолға түскенін білген соң мені үш күннен кейін қала сыртына тастап кетті. Сол сәтте мені босатқанына бір сеніп, бір сенбей, дағдарып қалдым. Бірден жолдан өтіп бара көлікті тоқтатып, үйіме жеткізіп салуын өтіндім.

    – Қылмысты жасаған адамдарды танисыз ба?

    – Бұл «операцияны» ойластырған үйдің жанында тұратын көршіміз болып шықты. Ең сорақысы да – осы. Полиция бұл іске бір емес бірнеше адамның қатысы бар екенін анықтады.

    – Оларға қандай үкім шықты?

    – Сот үкімімен қылмыстық топтың мүшелері 5 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бірақ ол бұл үкіммен келіспей, апелляцияға беріп жатыр. Енді олар бостандыққа шығып кетпесе екен деймін. Өйткені мені ұрлап кеткен азамат бұған дейін де істі болған екен. Бұл жолы да жазадан құтылып кетсе, тағы да осындай жағдай қайталануы мүмкін.

    Сол оқиғадан кейін қатты қорқып қалдым, әр қадамымды аңдап басамын. Психологиялық соққы алдым. Сол кезде қолымды сындырған еді, қанша емделсем де, әлі күнге дейін толық қалпына келмеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →