Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Алматыда пәтерге түсіп жүрген шетелдік ұрылар ұсталды

    Басты рөлдерді 42 және 39 жастағы шетелдіктер өзара «бөліскен»

    Алматылықтардың үйлерін тонап жүрген ұры-гастролерлер тобы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

    Қылмыстықтық топтың құрамына Тәжікстан, Қырғызстанның тумалары мен жергілікті тұрғын кірген. Барлығы үш адам ұсталды.

    Басты рөлдерді 42 және 39 жастағы шетелдіктер өзара «бөліскен». Олар – орындаушылар. Тасымалдаумен Алматы облысының тұрғыны айналысқан. Ол – 35 жаста. Қаскөйлер әшкерелену қарсаңында Шоқай көшесінің бойында орналасқан жеке үйлердің бірін тонап кеткен. Құқық бұзушылардың бөтен адамның үйіне терезе арқылы кіргені анықталды. Олардың сол кездегі қылмыстық олжасы цифрлық, тұрмыстық техника, сонымен қатар үй иесінің жеке заттары болды. Ер адам келтірілген материалдық шығынды 45 мың теңгеге бағалаған, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

    Оның айтуынша, полицияның арнайы жасақтары мен Медеу аудандық полиция қызметкерлерінің көмегімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде «гастролерлер» ұсталды.

    Бұл азаматтардың басқа да ұрлықтарға қатысы бары анықталып жатыр. Сонымен қатар, ұрланған мүлікті сату арнасы да іздестірілуде.

    Ұсталғандар қамауға алынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →