Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    «Мықты әртіс»: Түркияда ән салып отырған Бекболат Тілеуханның видеосы дау туғызды

    Видеодан Бекболат Тілеуханның домбырамен ән салып отырғанын байқауға болады.

    Қаңтар айынан бері Түркияда тұрып жатқан Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеуханның Анадолы елінде ән салып отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

    Видеодан Бекболат Тілеуханның домбырамен ән салып отырғанын байқауға болады. Бірақ оның бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнаған жоқ. Көбісі, соңғы кездері ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы болған Рамазан Сәттібаевтың айыптауларын айтқан. Яғни ол бұған дейін Бекболат Тілеухан қауымдастықты басқарып тұрғанда осы ұйымға бөлінген 1 миллиард теңгеге жуық қаржыны Қайрат Сатыбалды алған деген болатын.

    https://youtu.be/oF_zmN-M5Po

    «Жынын шақырып отыр», «Миллиард қайда деп сұрай салыңдаршы», «Түркия — қазақтардың қашып баратын екінші отаны болды ғой», «Негізі мықты артист екен», «Ұялмай ән шырқап жүр», «Танымаймыз, танығымыз да келмейді», — деген сарындағы пікірлер көп.

    Бекболат Тілеухан Мәжілістен ресми түрде 2021 жылдың 29 желтоқсанында кеткен. Одан кейін Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының (WEC) орынбасары қызметін атқаратынын айтқан. Бұл ұйымның штаб-пәтері Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →