Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған •

    Қостанайдағы жарылыс болған үйден 3 адамның денесі шығарылды

    Қостанай қаласы Амангелді кентіндегі жарылыс орнындағы құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқару жұмыстары барысында 12 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, қаза тапқан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қостанай қаласында газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылған болатын.

    «Өрт аумағы – 5 шаршы метр. Соның салдарынан алдын ала есеп бойынша аумағы 280 шаршы метр бір қабатты ғимарат толық опырылған. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:52-де сөндірілді», — деп хабарлады облыс әкімдігі.

    Өрт сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар қызметінің 263 қызметкері мен 61 техника және еріктілер жұмылдырылды.

    Жедел штабтың хабарлауынша, ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі бойынша «екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →