Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды •

    Түркияда 5* қонақүй иесі шетелдік туристермен төбелесті

    Түркияның Манавгат курортындағы Ченгер ауылында орналасқан бес жұлдызды қонақүйдің иесі шетелдік туристермен төбелесті. Жергілікті БАҚ мәліметінше, төбелесті полиция қызметкерлері ажыратқан және екі тарап та полицияға арыз берген, деп хабарлайды qazaq.today сайты tengritravel.kz -қа сілтеме жасап.

    Сайт мәліметінше, туристер саны аз болмаған, олардың тобында 60-қа жуық адам болған. Төбелестің неден шыққаны да түсініксіз — келушілер қонақүйге жайғасқаннан кейін бассейнге не теңізде шомылудың орнына телефонға түсіріп тұрған. Туристерге қонақүйде бірдеңе жақпағаны анық, сол себепті олар соны видеоға түсіріп тұрған.

    Туристердің бұл әрекеті қонақүй иесіне жақпай қалған. Осылайша жанжал шығып, төбелес басталған. Келушілер қонақүй мейрамханасының үстелдерін төңкеріп, лақтыра бастаған.

    Қонақүй иесі өзіне шабуыл жасалғанын айтып, дереу полиция шақырған. Оқиға орнына жеткен Ченгера жандармериясының өкілдері төбелесті тоқтатып, екі тараптан түсініктеме алған. Келушілер осы кезде өз арыздарын қайтарып алу үшін қонақүй иесінен 7 000 еуро талап еткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →