Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық пайдасы бар жобалар қаржыландырылады  Заң қағаз жүзінде қалмауы керек. Президент балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеуді ұсынды Айбек Дадебай Құрылтай төрағасы болып сайланды Қазақстан еркін күресшілері Еревандағы халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды Қазақстан СІМ Малайзиядағы «визаран» тәуекелдері туралы ескертті Президент: Талас құрылтайы Алтын Орданың құрылуына себепкер болды Ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық пайдасы бар жобалар қаржыландырылады  Заң қағаз жүзінде қалмауы керек. Президент балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеуді ұсынды Айбек Дадебай Құрылтай төрағасы болып сайланды Қазақстан еркін күресшілері Еревандағы халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды Қазақстан СІМ Малайзиядағы «визаран» тәуекелдері туралы ескертті Президент: Талас құрылтайы Алтын Орданың құрылуына себепкер болды

    Ақтау көшелерін су басты

    Ақтауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше көше мен ауданды су басты, — деп хабарлайды qazaq.today сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

    28 шілдеге қараған түні қалада нөсер басталды.

    Толассыз жауған жауыннан қаладағы базарлардың бірін су басқан. Жаңбырдың кесірінен «Сары» базардағы сауда павильондары бойында «су арнасы» пайда болған. Облыс орталығын судан тазарту үшін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатса да, шамасы жетер емес. Су тасқыны салдарын халық өз күшімен жойып жатыр.

    Кеше сағат 23:00 бастап, таңғы 06:00 дейін жауын-шашын жаууына байланысты «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған суларды алу жұмыстарын жүргізді. Оған 15 жұмысшы, 5 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 1 Газель автокөлігі жұмылдырылды.Түнгі жауын-шашыннан 7 мың м3 су алынды. Жаңбырдың салдарын жою жұмыстары әлі де тоқтаған жоқ. Қазір қала көшелерінде 35 жол жұмысшы, 6 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 3 Газель автокөлігі жұмыс істеп жатыр.

    Төтенше жағдайлар департаментінен күндізгі аусымда жиналған суларды алу жұмыстарына 20 қызметкер, 8 мотопомпа; «КЖСА» МКК-нен 2 бойлер автокөлігі жұмылдырылды. Қазіргі таңда жауын-шашыннан 12 мың м3 су алынды.

    «Қазгидромет» РМК өкілі берген мәлімет бойынша, Ақтауда бір тәулікте бір айлық жауын-шашын түскен.

    «Маңғыстау облысының батыс жартысында 28 шілдеге қараған түні 1-13 миллиметр жаңбыр жауды, бір айдағы норма — 10-13 миллиметр. Ақтауда 13 миллиметр жауын жауды, норма 10 миллиметр», — деді синоптиктер.

    Ал Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары халыққа алысқа ұзап шықпауды, демалыс орындарына бармауды ескертеді. Сел жүру қаупі бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →