Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер •

    Балмен шай ішетін адамның қантқа басы ауырмас

    «Балмен шай ішемін»: Сұлтанов қантты қанша теңгеге сатып алғанын айтты.

    Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-де өткен брифинг кезінде қантты соңғы рет қашан және қандай бағада сатып алғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды qazaq.today сайты KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бақыт Сұлтанов екі апта бұрын ірі сауда орталығынан 470 теңгеге қант сатып алғанын мәлімдеді. Қазір оның айтуынша, ол жерде құмшекерді 480 теңгеге сатып алуға болады.

    «Мен жағдайды көріп-біліп отырмын. Жеке басыма қатысты сұрақ қойған екенсіздер – мен қантпен шай ішпеймін, балмен шай ішемін», – деп жауап берді Сұлтанов.

    Бұл мәселеге Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те пікір білдірді.

    «Соңғы рет ірі сауда орталығынан бір келі қантты 620 теңгеге сатып алдым. Өз басым қантсыз шай ішемін», – деді ол.

    Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстандағы қант бойынша жағдайдың қашан тұрақтанатыны туралы болжам айтқан еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →