Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды •

    Жамбыл облысында балалар орталығының бухгалтері 10 млн теңге жымқырған

    Жамбыл облысында 10 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған.

    «Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)», — делінген ведомство хабарламасында.

    Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

    «Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді. 2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде)», — делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →