Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Иран Қазақстанды Израильдің әріптес елдері «қара тізіміне» енгізді

    Коллаж: ulysmedia.kz.

    Толық тізім Иранның жоғарғы басшысы Аятолла Сейид Али Хаменеидің ресми сайтында жарияланды. Онда авторлар мұсылман елдерінің Израильмен байланысы туралы егжей-тегжейлі статистиканы көрсетуге тырысқан.

    Тізімде бірінші орында Түркия тұр. Металдарға, құрылыс материалдарына, электр энергиясына және жалпы энергияға экспорты шамамен 5,7 мдрд долларды құраған. Сондай-ақ, Израильдің сауда серіктестері арасында БАӘ бар. Былтыр екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 2,5 млрд долларға жеткен. Оған киберқауіпсіздік, агротех, финтех, құрылыс, аэроғарыш, энергетика, медицина және әртүрлі салалардағы инвестициялар жатады.

    Сонымен қатар, Израильмен ынтымақтасатын мұсылман елдерінің» ерекше тізімінде » Қазақстан да бар. Біздің елден басқа тізім Египет, Иордания, Бахрейн және Әзірбайжанмен толықтырылған.

    Соңғы екі ел Израильдің мұнай қажеттіліктерінің 60%-дан астамын жабатынын атап өткен жөн.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Израильді даулы аумақтардан кетуге шақырған қарарға дауыс берген болатын.

    Біздің ел Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсететіні де белгілі болды.

    Дереккөз: ulysmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →