Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер •

    Қазақстанның қант зауыттарына шикізат Үндістан мен Бразилиядан келетін болды − Бақыт Сұлтанов

    Елдегі қант тапшылығының туындауына негізі себеп – бұл бағытта ешқандай жоба қолға алынбады.

    Енді отандық қант зауыттары Үндістан мен Бразилиядан келетін шикізатпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды qazaq.today сайты Azattyq Ruhy тілшісіне сілтеме жасап.

    Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімедеді.

    «Бұл мәселеге мен вице-премьер ретінде араластым. Енді басқа мәселелермен қатар, азық-түлік өнімдерін өндіруді ынталандыру және субсидиялау саясатымен айналысатын боламын. Қазір елдегі қант тапшылығының туындауына негізі себеп – бұрын-сонды бұл бағытта ешқандай жоба қолға алынбады. Ендігі біздің мақсатымыз – отандық шикізаттан қант өндірісін ұлғайту, сол арқылы импортқа тәуелділікті төмендету.

    Саланың толыққанды дамуы кезінде және өндіріс көлемінің өсуімен азық-түлік белдеуі қамтамасыз етіледі, үзіліс болмайды, қант тапшылығы мен құнының өсу қаупі төмендейді. Осыны ескере отырып, қатысушылардың тиімді өндірістік-өткізу тізбегін жолға қою және заманауи сауда инфрақұрылымын құру маңызды», — деді Бақыт Сұлтанов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →