Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО-да жан 13 жастағы қызды отбасылы еркек өз әйелінің көзінше зорлаған • Алматы облысында балаларды аяусыз ұрған медресе ұстазы жұмысынан қуылды (ВИДЕО) • Алматы облысының тауларында екі жасөспірім адасып кетті • Жамбыл облысында жасөспірімдер жанжалы өліммен аяқталды • Таразда 24 жастағы жігіт пышақталып қаза тапты, күдікті ұсталды • «Қазгидромет» 6 қазанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады • СҚО-да жан 13 жастағы қызды отбасылы еркек өз әйелінің көзінше зорлаған • Алматы облысында балаларды аяусыз ұрған медресе ұстазы жұмысынан қуылды (ВИДЕО) • Алматы облысының тауларында екі жасөспірім адасып кетті • Жамбыл облысында жасөспірімдер жанжалы өліммен аяқталды • Таразда 24 жастағы жігіт пышақталып қаза тапты, күдікті ұсталды • «Қазгидромет» 6 қазанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады •

    Ақтөбе облысында әйелін пышақтаған ер адам 6 жылға сотталды

    Ақтөбе облысында әйелін пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Qazaq.today Diapazon.kz-ке сілтеме жасап.

    Күдікті банк бөлімшесінде консультант болып жұмыс істейтін әйеліне келіп, оны пышақтаған. Салдарынан пышақтың жүзі сынып, жәбірленушінің иығында қалып қойған. Осыған қарамастан ер адам оны денесі мен басынан бірнеше рет ұрған. Мұның бәрін банк қызметкерлері көрген.

    Әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Күдікті оқиға орнынан ізін суытқан.

    Ер адам Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа тартылды. Жәбірленуші күдіктіден баласы барын, күйеуі ішімдікті көп ішіп, есірткі тұтынатынын, өзін және анасын өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Әйел күйеуін кешірмейтінін айтып, соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Ал айыпталушы әйелін өлтіру ойында болмағанын, отбасын сақтап қалғысы келгенін жеткізді. Сотта прокурор тағылған айыпты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіруге оқталу» бабын «Пышақ қолданып, бұзақылық жасау» бабына өзгертті. Судья мұнымен келісті. Осылайша, ол бұзақылық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Сот процесі кезінде әйел мен ер адам заңды некеде болмаған.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →