Таразда 24 жастағы жігіт пышақталып қаза тапты, күдікті ұсталды
Таразда 24 жастағы жігітке пышақ жарақаты салынып, ол қаза тапты. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Сурет: istockphoto
Тараз қаласында 24 жастағы жігітке пышақ жарақаты салынып, ол қаза тапты. Қайғылы оқиға көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам азаматқа пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Тұрғындар жедел жәрдем шақырғанымен, ауыр жарақат алған жігітті құтқарып қалу мүмкін болмады.
Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.
«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдікті тұлға ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
