Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы күтіледі Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы күтіледі Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды

    Қызылорда облысының әкімдігі 5 млрд теңгені тиімсіз жұмсамақ болған

    Фото: gov.kz

    Қаржы мониторингі агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде тиімсіз жобалар бойынша 5,1 млрд теңгеге қаржыландыруға жол берілмеді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Ведомство мәліметінше, Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған болатын.

    «Алайда, жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған. ҚМА өңірлік департаментінің қызметкерлері қабылдаған шараларынан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады», — делінген ҚМА хабарламасында.

    Сондай-ақ Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған болатын.

    «Жобаның бастапқы құны 910 млн теңгені құраған, ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас объектілердің құны айтарлықтай төмен болған», — деді агенттік өкілдері.

    Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізуде, үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылатын болады.

    Қаржылық мониторинг агенттігі ірі объектілер мен инфрақұрылым құрылысының құнын арттыру фактілеріне мониторинг жүргізу бойынша белсенді жұмысты жалғастыратын болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →