Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді 22 шілдедегі Қазақстан ауа райы болжамы Ұлыбританияның жетінші премьер-министрі Энди Бернем Атыраудағы кәріз жөндеуіне қатысты сыбайлас жемқорлық ісінің жаңа мәліметтері Қазақстанда 127 мың талапкер грантқа өтінім берді: қандай бағыттар таңдалды Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді 22 шілдедегі Қазақстан ауа райы болжамы Ұлыбританияның жетінші премьер-министрі Энди Бернем Атыраудағы кәріз жөндеуіне қатысты сыбайлас жемқорлық ісінің жаңа мәліметтері Қазақстанда 127 мың талапкер грантқа өтінім берді: қандай бағыттар таңдалды

    «Шкаф құрттап кеткен»: Ақтөбеде бүлдіршіндерді ұрып-соққан балабақша жабылды

    Ақтөбеде қызметкерлері бүлдіршіндерді ұрып-соқты деп айыпталған жекеменшік балабақша жабылды, деп хабарлайды ktk.

    Облыстық білім басқармасы мекемедегі заңсыздықтарға байланысты мемлекеттік тапсырыспен ақша беруді де тоқтатқан.  Комиссияның тексеруінен соң мекеме құрылтайшысы жұмысын тоқтатқаны туралы әкімдікке хабар беріпті. Білім басқармасындағылар «Амир» балабақшасында санитария талаптары да сақталмай, бала тәрбиесіне жөнді қарамағынын енді біліп отыр. Ал бүлдіршіндердің таяқ жеуіне қатысты тергеумен полиция департаменті айныласуда. Айта кетелік, бөбектерді бұл жерде тас еденге ұйықтатып, жерге отырғызып тамақтандырған. Ал дәрі-дәрмек тұрған шкафтары құрттап кетіпті. Онмен қоса бейнекамерасы жоқ асханаға апарып ұрып-соғады дейді ата-аналар. Осы оқиғадан соң «ұйқысынан оянған» білім басқармасындағылар өңірдегі барлық жекеменшік балабақшаға тексеру жүргізетін болды.

    «Бүгінгі күннен бастап балабақша жұмыс істемейді. Ал осыған дейін мемлекеттік тапсырыспен «Амир»  балабақшасына барып жүрген 70 баланы ата-аналар келісімімен басқа, Ақтөбе қаласында орналасқан балабақшаларға жібереміз», -деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →