Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Түркияда қазақстандық жол апатынан қаза тапты

    Түркияның Алания қаласында 13 қазан күні болған жол апатынан 38 жастағы қазақстандық әйел қаза тапты. Бұл туралы марқұмның туыстары Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады zakon.kz.

    Жол апаты биылғы жылдың 3 қыркүйегінде журналист пен оның қызы жан түршігерлік апаттан қаза тапқан тас жолда болған.

    «13-қазан күні біз Әлия Құлмағамбетова апамыздан айырылдық. Ол небәрі 38 жаста еді. Оның жоспарлары көп болатын. Ол Аланияда (Түркия), D 400, Кестель тас жолында көліктің соқтығысуы салдарынан қаза болды. Полицияның мәліметінше, ол жасыл шам жанған кезде жолды дұрыс жерден кесіп өтіп бара жатқан. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», — деді туысы.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →