Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Пәкістанда мешітте болған жарылыстан отыз шақты адам қаза болды

    Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 28 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланды.  Geo.tv мәліметінше, лаңкес намаз кезінде алдыңғы қатарда болған, ол өзін жарып жіберіп, ондаған намазханды жаралаған.

    Аурухана өкілі жарылыстан 28 адамның қаза тауып, 150-ден астам адамның жараланғанын айтты. Сондай-ақ зардап шеккен 10-нан астам адамның жағдайы ауыр. Аурухана зардап шеккендерге көмекке қан тапсыруды өтініп, азаматтарға жүгінді.

    «Сұмдық жарылыс болды. Жарылыстан кейін айналаны түгел түтін басып қалды», — дейді оқиға куәгері.

    Ол есін жиған кезде мешіт төбесінің құлағанын көргенін айтты.

    Оқиға болған кезде мешітте кем дегенде 200 адам болған. Зардап шеккендердің басым көбі полицейлер болған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →