Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент •

    «Артық төлем»: Жетісу облысында депутаттар шығарған шешімнің күшін прокурорлар заңсыз деп тапты

    Жетісу облысында мәслихат депутаттары заңсыз шешім шығарған. Текелі қалалық мәслихатының депутаттары жер салығын 20 % — ға арттыру туралы 2 қаулы қабылдаған. Салдарынан Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа артығымен ақша төлеткізген. Алайда прокуратура депутаттар шығарған шешімнің күшін жойып, қабылданған құжаттарды заңсыз деп тапты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    «Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады («Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-1-бабы). Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Сонымен қатар жергілікті өкілді органның шешімдері әділет органдарында тіркелмеген, сәйкесінше заңды күші жоқ. Алайда осыған қарамастан салық органы салық төлеушілерден жер салығы үшін жоғары мөлшерлемеде ақы алып отырған», — деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

    Мәслихат депутаттарының шешімдері 5 мың жер пайдаланушыға тікелей әсер еткен. Олардың арасында 400-ден астам кәсіпкер бар. Прокуратураның бастамасы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен артық төленген соманы салық төлеушілерге қайтару жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →