Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, жаңбыр және жел күтіледі Рудныйда құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде ұсталды Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» марафонына қатысады TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, жаңбыр және жел күтіледі Рудныйда құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде ұсталды Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» марафонына қатысады TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті

    Жәмила Бақбергенова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен қола медаль жеңіп алды.

    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құраманың көшбасшысы Польшаның өкілі Наталья Ивона Стшалканы 4:1 есебімен жеңіп, осымен үшінші рет қатарынан әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін 27 жастағы спортшы 2019 жылы Норвегияның Осло қаласында жалауы желбіреген дүниежүзі бәсекесінде, одан кейін былтыр Белградта өткен жарыста күміс жүлдеге ие болған. Жәмила Бақбергенова – әйелдер күресінде мұндай нәтижеге жеткен тұңғыш қазақ спортшысы.

    Бақбергенова чемпионатты 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері серб Фанни Нагидың жауырынын жерге тигізіп, сосын, ресейлік Ксения Бураковадан 7:1 есебімен айласын асырды Алайда жартылай финалда Даваанасан Энх Амарынға жол берді.

    Осы ретте Жәмила Бақбергенова 72 кг салмақта Азия чемпионатына үш рет жеңіп алған тұңғыш қазақ спортшысы екенін де айта кетейік. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының бес медалі бар. Ол 3 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлденің иесі.

    Жәмила Бақбергенова әлемчемпионатынан кейін ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта бақ сынап, тәжірибелі Эльмира Сыздықованың орнын басады.

    Жалпы Сербия астанасындағы әлемдік дода 24 қыркүйекте мәресіне жетеді. Онда  77 мемлекеттен жиналған 1 000-ға тарта спортшы әлем чемпионын анықтап жатыр.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →