Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді

    Қарттар үйіндегі шындықты көрсететін жаңа қойылымның премьерасы өтеді 

    Қарттар үйіндегі жағдайды ашып көрсететін жаңа қойылым көрерменге жол тартпақ. Жезқазғандағы қазақ музыкалық-драма театрының актерлары ерекше қойылымды сахналамақ, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігінің тілшісі. Адамның жан дүниесін тебірентер спектакль «СЕН және МЕН» деп аталады.

    Қарттар үйіндегі қарапайым тіршілік. Елеусіз ғана өмір сүріп жатқан қариялардың жай-күйі қоғамды аса алаңдатпайды. Ал бұл спектакльде өзгелер үшін тым-тырыс көрінетін өмірдің шын мәнінде мүлдем басқаша екені көрсетіледі. Әркімнен жылулық күткен жандардың жанайқайы естіледі. Біз біле бермейтін беймәлім дүниенің қыры мен сыры ашылады.

    Басты рөлде Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досжан Жанботаев ойнайды. Қойылымның режиссері Шағуан Үмбетқалиев.

    Қойылым барысында әртістер адам өміріндегі бес түрлі жағдайды сипаттайды.

    ҮМІТ — адамды орнынан қозғайтын күш. Ажалдан алшақтататын дүние. Ажалмен өмірдің арасындағы көпір іспеттес. Үміт-өмірдің тоқтамас құмсағаты…

    ЖАЛҒЫЗДЫҚ— трагедияның ең биігі. Адамның өлімге апаратын қыл көпірі. Ішкі жан дүниенің бос айғайы…

    ОТБАСЫ — адамның алданышы. Оның сынағы, бақытты шағы, өмір сүруге деген мотивациясы…

    ҚАРИЯ мен БАЛА… Өмір мен өлім арасын жалғайтын ала арқан. Өмірдің алмасуы. Екеуінің арасындағы «өмір» дейтін даңғыл жол…

    Тұсаукесер Жезқазған қаласында 29-31 мамыр күндері аралығында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →