Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Екі баласын ертіп курьер болып жұмыс істеген жалғызбасты анаға жұрт 6 миллион сом жинап берді • Астанада пәтерден шықпаған жалдаушы 30 тәулікке қамалды • Кеніштердегі өндіріс тоқтамауы үшін: «Қазақмыс» тау-кен жабдықтарын кешенді жөндеуден өткізуде • Қарағандыда 18 жастағы бойжеткен опат болды • «Қаны қоюланған»: Рамазан Амантайға қатысты жайсыз ақпар шықты (ВИДЕО) • Тоқаевтың жаңа жолдауы: сарапшылар не күтеді • Екі баласын ертіп курьер болып жұмыс істеген жалғызбасты анаға жұрт 6 миллион сом жинап берді • Астанада пәтерден шықпаған жалдаушы 30 тәулікке қамалды • Кеніштердегі өндіріс тоқтамауы үшін: «Қазақмыс» тау-кен жабдықтарын кешенді жөндеуден өткізуде • Қарағандыда 18 жастағы бойжеткен опат болды • «Қаны қоюланған»: Рамазан Амантайға қатысты жайсыз ақпар шықты (ВИДЕО) • Тоқаевтың жаңа жолдауы: сарапшылар не күтеді •

    Тәлім алуға барып, табыт құшқан: балабақшада көз жұмған бүлдіршіннің тәрбиешілері жұмыстан қуылды

    Алматы облысының Қырбалтабай ауылындағы балабақшада қаза тапқан 3 жастағы бала жер қойнына тапсырылды.  «Балабақшаға білім ал деп беріп, бақилыққа аттандырдым» деген үш жасар баланың атасы, алдымен аталған мектепке дейінгі мекемені жауапқа тартуды сұрайды.

    » Бұл не деген сұмдық? Адамгершілік қайда? Сонша баланы алған соң, қарауы керек қой. Қараусыз қалған соң, бала қызық көрді ме, білмеймін, – деді атасы Әлімқожа Ынтыбаев.

    «Заңғар балабақшада қайтыс болды дегенді естідім. Ол қалай болды? Балапаным құдықтың ішіне түсіп кеткен. Олардың айтуынша, кәріз құдығы жабық болған. Бірақ мен сенбеймін. Ашық тұрған. Біз барғанда дәнекерлеп қойған. Дым болмаған сияқты. Баламды қайтара алмаймын, бірақ жұмысына салғырт қарамаса деймін», – деді анасы Ақбота Сатқынбаева.

    Ал аза тұтқан ауылдағы жалғыз мемлекеттік бөбекжай бүгін жұмыс істеп тұр. Алайда алдынғы күні ғана осы бөлмеде ойнап жүрген Заңғардың бүгін сөресі бос тұр. Қылығы тәтті, тәртібі түзу деп бүгін тәрбиешілер еске алып отыр.

    «Бәрімізге оңай соғып жатқан жоқ. Өте сүйкімді бала еді», – деді балабақша қызметкері Толқын Жақсыбаева.

    «Балалар тәрбиешілер мен кіші қызметкерлердің назарынан тыс қалған. Балабақшаның меңгерушісін, қайғылы оқиғаға тікелей қатысы бар тәрбиеші мен кіші қызметкерді жұмыстан босаттық», – деді Еңбекшіқазақ ауданы Білім бөлімінің бас маманы Зарина Бөлекбаева.

    Жүзге жуық тәрбиеленушілерді қабылдаймыз деген мемлекеттік балалар мекемесіндегі бейнебақылау оқыс оқиғаны түсіре алмапты. Бұл да бұқараның күдігін тудырмай қоймайды. Бірақ қызметкерлер бейнекамералардың басқа жазбасын көрсете алмады. Ал Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің мамандары балабақша басшылығының қателігін растап отыр.

    «Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ернар Сәйділдин.

    Білім бөлімінің мамандары балабақша басшысын жұмыстан босатумен ғана шектеліпті. Сондықтан тілшілер алдында мекеме басшысы да, тәрбиешісі де төбе көрсетпеді. Ал ауыл адамдарының сөзіне сенсек, бұл нысанға қатысты шағым бұрын да болған. Көпшілік «бір топтағы 25 балаға бір ғана ұстаз аздық етеді» деп отыр.

    Ақпарат көзі: Almaty.tv

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →