Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Дерт меңдеп кетті»: Серікзат Дүйсенғазы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты Астанада автосалон менеджері клиенттеріне қиянат жасап, көліктерін сатып жіберген Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы ірі жекпе-жегін өткізуі мүмкін Ертіс өзенінде 8 жастағы бала анасының көзінше суға ағып кетті Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьерін құттықтады Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды «Дерт меңдеп кетті»: Серікзат Дүйсенғазы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты Астанада автосалон менеджері клиенттеріне қиянат жасап, көліктерін сатып жіберген Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы алғашқы ірі жекпе-жегін өткізуі мүмкін Ертіс өзенінде 8 жастағы бала анасының көзінше суға ағып кетті Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьерін құттықтады Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды

    Алматы облысында 5 жастағы қыздың денесі табылды

    Алматы облысында лай көшкіні басып қалған бес жастағы қыз баланың денесі табылды. Жоғалып кеткен қыз баланы лай астынан іздеу кешке дейін жалғасқан. 15 мамыр күні түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылған. Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр , ені 25 метр , биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр.

    «15 мамыр күні сағат 18.15-те қызметтік иттің көмегімен Текелі қаласында лай көшкіні кезінде қаза тапқан 2016 жылы туған қыз баланың денесі бұзылған үйінді астынан табылды», — делінген ТЖД хабарламасында.

     

    Облыс әкімі Қанат Бозымбаев марқұм болған қыз баланың туған-туысына көңіл айтып, зардап шеккен отбасыларға баспана берілетінін айтты.

    «Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Жедел қызметтер өз жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын», — деді өңір басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →