Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 442,4↓€ 497,8↓₽ 5,31↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    «Сапасыз жұмыстың көрінісі» — Астанада 1-ші сынып балаларының 40%-ы орыс сыныбына барды

    Елордада 1-ші сыныпқа қабылданған оқушылардың 40%-ы орыс тілінде білім алмақ. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Оның сөзінше, оқушылардың 61% қазақ тілінде оқитын болады. Сенғазыев бұл көрсеткіш 2 жыл бұрын 51% болғанын, келесі жылы 70% жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

    Танымал педагог Аятжан Ахметжанұлы бұл жағдайды министрліктің идеологиялық жұмысының әлсіздігі деп есептейді.

    “Қазақ сыныбында орын жоқ, орыс сыныбына барасыз ба, — деп отыратын қабылдау комиссиясын да көрдік! Ойбай, ата-ана таңдауы дейді, бұның бәрі ата-ана таңдауы емес, бұның бәрі сапасыз жұмыс көрінісі!” — дейді ол.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген.

    Фото: sputnik.kz

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →