Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты

    Тасмағамбетов Ресейдің қорғаныс вице-министрі Фоминмен кездесті

    Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фоминмен кездесті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    ҰҚШҰ баспасөз қызметі кездесудің егжей-тегжейі жайлы мәлімет берген жоқ. Тек Тасмағамбетов пен Фоминнің 7 тамызда кездескенін нақтылады.

     

    “Диалог барысында тараптар әскери ынтымақтастықтың және ҰҚШҰ шеңберіндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады”, – делінген хабарламада.

     

    Бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов «Батыс елдері Украинадағы жағдайдың одан әрі өршуіне жол ашады» деп мәлімдеген болатын. Тасмағамбетов Орталық Азия өңіріндегі ахуал туралы да айтты. Оның айтуынша, экстремистік идеология мен террористік топтардың ену ықтималдығы артып келеді.

    Естеріңізге сала кетейік, 13 ақпанда Беларусь Президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ елдерін нақты бір позицияны таңдауға шақырды. Ол ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу барысында Украина мен Ресейдің соғысы енді ешкімге қатысы жоқ деп ойлайтындар «шетте отыра алмайды» деп мәлімдеді.

     

    «Уақыты келер, көп қалған да жоқ. Бәлкім, ертең-ақ. Айқындалып, белгілі бір позицияны таңдауға тура келеді. Мен ұлттық мүдделерге қайшы демес едім, бірақ бірге қимылдау үшін біздің одақтарымыздың кемшілігі бойынша нақты бір саясатты, жолымызды табуымыз керек», – деді ол.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →