Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Меладзе концертінде тәртіп бұзған әйелдер жазаланды • Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды • Алматыда әскери музыканттар арасында II конкурс өтті • Елена Рыбакинаның денсаулығы қорытынды турнир алдында алаңдаушылық тудырды • Үндістанда жолаушылар пойызы өртеніп, төрт вагон жалынға оранды • «Кардифф» — «Бернли»: Дастан Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы • Алматыда Меладзе концертінде тәртіп бұзған әйелдер жазаланды • Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды • Алматыда әскери музыканттар арасында II конкурс өтті • Елена Рыбакинаның денсаулығы қорытынды турнир алдында алаңдаушылық тудырды • Үндістанда жолаушылар пойызы өртеніп, төрт вагон жалынға оранды • «Кардифф» — «Бернли»: Дастан Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы •

    Украинадан қашқан босқындар саны 4,5 миллионнан асып кетті – БҰҰ

    Ресей соғыс ашқан 24 ақпаннан бері Украинадан 4,5 миллионнан астам адам кетіп қалды. Путиннің озбырлық саясатының кесірінен 2,5 млн астам адам Польшаға өтіп кеткен.  БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариат басқармасының мәліметінше, ел ішінде өзге өңірлерге қоныс аударғандардың есебі жоқ.

    «Алғашқы бес аптада Украинадан төрт миллионнан астам босқын көрші елдер шекарасынан өтіп кеткен. Сондай-ақ ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болғандар санында есеп жоқ. Олардың бәрі қорғау мен қолдауды қажет етеді», — делінген БҰҰ мәлімдемесінде.

    9 сәуірдегі жағдай бойынша босқындардың ең көп саны – шамамен 2,6 миллион адам – Польша шекарасын кесіп өтті. Румынияға 686 мың, Венгрияға 419 мың адам барған. Босқындар Молдоваға (410 мың), Ресейге (404 мың) және Словакияға (314 мың) да кеткен. 7 сәуірде Беларусь еліне 19 мың адам кірген. 21-23 ақпан аралығында Донецк пен Луганск облыстарынан Ресейге 113 мың адам кеткен. Украиналықтарыдң хабарлауынша, ресей балалармен қатар ересектерді де күштеп және ұрлап әкеткен.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, басқа елдерге қоныс аударған украиналықтар да көп. Оның ішінде Германия, Франция, Италия, Чехия және ЕО-ның басқа елдері, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания және Австралия елдері украиналық босқындарды қабылдап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →